Covid-19ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да вакцинаның жалған электронды паспортын пайдаланған әскери ұсталды

Аталған факті ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімімен жүргізілген жедел-тергеу іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Қабылданған шаралармен, ақшалай сыйақы үшін денсаулық сақтаудың біріңғай ақпараттық жүйесіне вакцина алмаған әскери қызметшілерді вакцина алды деп жалған ақпараттар енгізіп отырған медицина қызметкерлері әшкереленді, – деді аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл майор Азамат Мұхаметқалиев.

Вакцинацияның жалған электронды паспорты әскери қызметшілерге қызметте ПТР тестін тапсырмауға, сондай-ақ басқа да мекемелерге «Ashyq» бағдарламасынсыз кіруге мүмкіндік берген.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button