ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері психотроптық заттарды сату фактісінің жолын кесті

Шығыс Қазақстан полицейлері рецептсіз препараттарды сатумен айналысқан дәріхананы анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 3 тамызында Полиция департаментіне Новаторов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің тұрғындарынан есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға «трамадол», «тропикамед» препараттары рецептісіз сатылып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шаралар қабылдау туралы ұжымдық арыз келіп түсті.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған өтінішті тексеру мақсатында, дәрі «сатып алушы” ретінде кейіп танытып, 2021 жылғы 7 тамызда аталған дәріхана фармацевтінен рецептісіз “тропикамед” препаратын 1200 теңгеге бақылау мақсатында сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацефт ұсталды, одан 11 дана «тропикамед» препараты тәркіленіп,  «Трамадол» препаратының 2 данасы, сондай-ақ жалған «сатып алушыдан» өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы ақша қаражаты алынды.

Жиналған материал ҚР ӘҚБК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының ережелерін бұзу) бойынша дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жолданды.

2021 жылдың басынан ШҚО ПД ЕҚБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) 5 фактіні анықтады, толтырылған материалдар әкімшілік хаттамалар толтыру үшін ШҚО Медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

Барлығы 1 805 700 теңге сомасына айыппұл салынды. ҚР ҚК 426-бабының 2-бөлігі бойынша дәріханаларды қайта жауапқа тартылған жағдайда, сот шешімі бойынша қызметін тоқтатып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button