
Семей қалалық ТЖБ мәлім еткендей, 18 тамызда сағат 13:30-да Шүлбі кенті, 2-ықшамаудандағы көпқабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілермен 15 шаршы метр алаңдағы қрт құрықталды. Пәтердегі жиһаздар, тұрмыстық техникалар, есік және терезе блоктары өртенген.
Өрттің алдын-ала себебі: электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу.
Semeynews.kz