ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да сот сараптамасы институтының экс басшысы сотталды

Шығыс Қазақстанда сот сараптамасы институтының бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өскемен қалалық № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сот сараптамасы институтының бұрынғы басшысы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін және алаяқтық үшін, яғни алдау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

Сотпен анықталғандай, 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейінгі мерзімде ол сараптама басшысы болып, төрт санитардың көмегімен, есеп кітабына тіркемей мәйіттерді жуындыру, киіндіру түрінде ақылы қызмет көрсетіп, 1 494 000 теңге сомасында заңсыз қаражат алған.

Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша сараптаманың аяқталғаны туралы біле тұра, қысқа мерзім ішінде сараптама жүргізгені үшін алдау жолымен 127 248 теңге сомасында қаражат алған. Сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

Ақылы көмек көрсеткен 1 494 000 теңге кассаға түспегені экономикалық сараптамамен расталды. Қаражат беру сәті кабинеттегі бейнекамераға жазылған.

Сот сараптамасы институтының экс басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button