ШҚО-да 200-ден астам алимент төлеуден жалтарған азаматқа іздеу жариянды
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алименттерді төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері сот орындаушылардан алимент бойынша борышын өтемеген 200-ден астам азаматты анықтады.
– Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Семей қ.ПБ Көші-қон қызметі бөліміне 1982 жылы туған, кәмелетке толмаған баласын асырау үшін ¼ алимент төлемеген азаматқа іздеу жариялау туралы сот ұйғарымы келіп түсті. Бұл азамат қысқа мерзім ішінде Семей қаласында тұратыны анықталды. Ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды,- деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Semeynews.kz