
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 17 тамызында 18 сағат 31 минутта Риддер қаласында, Орджоникидзе көшесі бойындағы екі қабатты тұрғын үйде өрт болған. Пәтерде өрт шыққанда жанында көршісі Вадим Бедаев болған. Ол жергілікті пәтер иелерінің кооперативіне барып, слесарьдан лом алып, түтіндеп тұрған үйдегі әйел мен балаларға көмекке ұмтылған. Көршісі Сергей Гребневпен есікті бұзып, Вадим Бедаев түтінге оранған үй ішіне еңбектеп кіріп, 2016 жылғы баланы алып шыққан. Оқиға орнына келген құтқарушылардың бірі Даирбек Дарханмен бірге медициналық көмек келгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен. ПИК слесарі Анатолий Бобожко саты көмегімен 2-қабаттағы пәтерге терезе арқылы еніп, 1995 жылғы әйелді түтіннен алып шыққан. 2019 жылғы екінші баланы Шалқар Қонбаев алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
- Өрт сөндірушілермен 24 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Әйел адам екі баласымен жану өнімдерімен улану және термиялық күйіктер белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты ұқыпсыз пайдалану, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz