Қылмыс жаздың ортасында орын алған. Белгілі болғандай, ер адам көбінесе қараусыз қалдырылған малдарды еркін жайылымдардан немесе шаруашылық аулаларынан ұрлап отырған. Содан кейін ұры, ұрланған малды жалдап алған “Газель” автокөлігіне тиеп әкетіп отырған. Ұрланған малдарды көрші ауданның аумағында сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Күдікті екі ай бойы Шемонаиха ауданының Зевакино мен Межовка ауылдарында мал ұрлығымен айналысқан. Күдікті ауыл тұрғындарынан 3 бас жылқыны жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі бір миллион теңгеден асты.
Тергеу барысында күдіктінің 2019 жылы орын алған екі мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды.
Ұрланған малды сатып алған адамның өзі оны қылмыстық сатып алу деп жариялады, содан кейін ұрланған мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.
- Шемонаиха сотының үкімімен 62 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу және пробациялық бақылау тағайындалды. Сонымен бірге, сот барымташыны жазаны толық өтегенге дейін жыл сайын жүз сағатқа әкімдік анықтайтын мәжбүрлі еңбекке тартуды бұйырды, – деді Өскемен қаласы пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мақсат Манарбеков.
Semeynews.kz