
Облыс аумағында 7 модульдік стационарлық бекеттер орнату жоспарлануда, олардың 5 – Өскеменде, 2 – Семейде орнатылмақ.
– Аталған бекеттерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, аумақты патрульдеу, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады, бұл азаматтарға кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Semeynews.kz