МәдениетҚоғамСемейТОП
Семейде “Абай жетілуінің саты-сатылары” атты кітаптың тұсаукесері өтті
Ағымдағы жылдың 16 тамызында Абай атындағы әмбебап кітапханасының базасында абайтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Асан Қайырбекұлы Омаровтың 70 жылдық мерейтойына арналған "Абай жетілуінің саты-сатылары" атты Абайдың жаңа үлгідегі өмірбаяны туралы кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараны Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.М.Аққожина ашып, қала әкімі Бақытжан Байахметовтың құттықтауы мен “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыстады.
Асан Омаров “Қазақия”, “Қалың елім қазағым” атты публицистикалық жинағының, “Шәкәрімнің өмірбаяны”, “Шәкәрім және Мұхтар” атты зерттеу кітаптарының және “Дінтану” атты оқулықтың авторы.
Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты еңбектері өз алдына бір төбе “Бүгінгі абайтану”, “Абай: ашылмай келген қырлары”, “Абай шығармаларының хронологиясы”, “Абай шығармаларының екі томдық жинағы”, “Жаң үлгідегі басылым” және “Абай жетілуінің саты-сатылары” атты кітаптары алаш жұртының рухани байлығы болып табылады.
Semeynews.kz