Облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Тұрғын үй – коммуналдық саласындағы нысандардың дайындығы 88 пайыз. Білім беру нысандары 100 пайыз жылу маусымына дайын. Өңірге қажетті 3 900 000 тонна көмірдің қазіргі уақытта 97 пайызы жиналды. Облыс басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғындарға қажетті барлық қатты отындар ай соңына дейін темір жол тұйықтарында болуы тиіс. Бюджеттің және әлеуметтік сала нысандары да көмірмен қамтамасыз етілуі қажет.
Семейдегі «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнына қатысты, бұл жерде, Даниал Ахметов атап өткендей, екі үлкен проблема бар, олар: жылу шығыны, 36 пайызды құрайды және абоненттердің 1,6 млрд теңге көлеміндегі қарызы. Айтпақшы, қарызы барлардың арасында заңды ғана емес, сонымен қатар заңсыз абоненттер де бар, жылуды ұрлау ашық жүрген. Қазіргі уақытта Семей қаласының әкімі осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауда. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ТКШ және энергобақылау мамандары риддерлік ЖЭО жылу маусымына дайындығын тексеруде.
Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалаларында көпқабатты үйлерді дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Олардың барлығы, Семейдегі проблемалық нысандардан басқалары, 1 қыркүйекке дейін дайын болады. Әр үйдің өзінің дайындық паспорты болады. 1 қазанға қарсы Семейдегі жылу жүйесіндегі ақауларға қатысты барлық мәселелер шешіледі. Облыс әкімі атап өткендей, барлық қалалар мен аудандардың әкімдері кесте бойынша жұмыс жасауда. Белгіленген мерзімдер және іс-шара жоспарлары бар. Барлық проблемалық мәселелер жұмыс тәртібінде шешілуде. Жалпы алғанда 2021 – 2022 жылғы жылу маусымы олқылықтарсыз жүргізілуде.
Semeynews.kz