ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да жол белгілерінің көрінуін шектейтін жарнамаларды алып тастау жұмыстары жүргізілуде

Семейде полицейлер жол белгілерінің көрінуін шектейтін жарнамаларды алып тастау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұза отырып, елді мекендердің көшелерінде орнатылған жарнамалық құрылымдарды бөлшектеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, өткен демалыс күндері бұл жұмыс Семей қаласындағы 5 нысанда жүргізілді.
Мәселен, 2019-2020 жылдары Өскемен және Семей қалаларының магистральдық көшелерінен қолданыстағы заңнама талаптарына жауап бермейтін 150-тен астам жарнамалық конструкциялар (өлшемдері 6х3 метр ірі билбордтар) бөлшектелген.
Жол белгілерінің нормативтік көрінуді қамтамасыз ету апаттылықтың алдын алудың кепілі болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button