
Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов қаланың Шәйжүнісов, Елемесов, Дулатов, Гагарин көшелері мен Әуезов даңғылын аралап, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және аула аумақтарын аббаттандыру жұмыстарының барысын қадағалады.
- Әлеуметтік желілерде біз қала тұрғындарының көптеген орынды шағымдарын көріп отырмыз. Өкінішке орай, бұған дейін атап өткеніміздей, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын “Семей тазалық” ЖШС өз міндеттемелерін сапасыз орындауды жалғастыруда, бұған біз қаланы аралау барысында көз жеткіздік, – деді қала басшысы.



Аталған ұйым қызмет көрсететін барлық дерлік учаскелерде дер кезінде шығарылмаған қоқыс контейнерлері байқалады. осыған байланысты тиісті бөлімге мердігер ұйымның жұмысына бақылауды күшейту және шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда оны тоқтаты туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.
Сондай-ақ, Бақытжан Байахметов “Спартак” орталық стадионында болды. Стадион 1966 жылы ашылған. 2013 жылы Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеу қарсаңында “Спартак” стадионы күрделі жөндеуден өтті. Жеңіл атлетика жолдары ауыстырылып, заманауи электрондық табло орнатылды.
Көгалдардың сапасы жақсарып, мінбе асытындағы үй-жайға жөндеу жүргізілді, мінбелердегі орындықтар мен стадион қоршаулары ауыстырылды. Алайда, біршама уақыт өткендіктен, жүгіру жолдары мен жасанды көгалдармен жаттығу алаңының жағдайы айтарлықтай нашарлағаны байқалады.
- Дене шынықтыру және спорт бөліміне тиісті есептеме жасап, алдағы уақытта стадиондағы спорт алаңдарын ауыстыруға бюджетке қаржы қарастыру мүмкіндігі бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды, – деп қорытындылады Б.Байахметов.


Semeynews.kz



