СемейТОП

Семейде әскерилер жеңіл сүңгу жаттығуларынан өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері жиыннан өтті. Жиында Ертіс өзенінде нысандарға су жолы арқылы диверсия жасау жаттығулары жүргізілді, деп хабарлайды Semey News.

Жиынның басты мақсаты – әскерилердің арнайы тапсырмаларды жеке дара және топ құрамында орындау дағдыларын қалыпта ұстау, жүзу даярлықтарын, судағы жауынгерлік әдістерін, арнайы жабдықтар мен техникаларды пайдалану шеберліктерін жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында басты назар топты жау тылына шығаруға аударылды.

  • Барлаушылар құралдарды, жабдықтарды, түрлі тереңдіктегі қозғалыс жабдықтарын қолдана отырып сүңгу жұмыстарының негіздерін жетік білулері керек. Сонымен қатар, олар авариялық жағдайларда тиісті көмек көрсетіп, жасырын қозғалулары тиіс, – деп атап өтті 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің аға офицері майор Берік Бохаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button