Денсаулық сақтауҚоғамСемейТОП

Семей өңірінде 15 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алды

Өңірде жыл басынан бері 35 437 медқызметкер үстемақы алды. Бұл туралы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Семейде Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Semey News.

  • Барлығы осы жылдың І жартыжылдығында медицина қызметкерлеріне 5,2 млрд. теңгеден астам үстемеақы төленді, оның ішінде Семей өңірінің 15 141 ақ халаттыларына 2 0176,4 млн. теңге төленді, – деді Ғалымжан Әбілов брифингте.

Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық жобасы талқылану барысында болғандығы жайында да тоқталып өтті.

  • Өздеріңізге белгілі, ерекше және зиянды еңбек жағдайларында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін қолдаудың жүйелі шараларына көшу мақсатында үстемақылар мөлшерін кезең-кезеңімен төмендету ұсынылды: тамыздан қыркүйекке дейін – белгіленген мөлшерден 50% және 1 қазаннан бастап үстемақы төлеу тоқтатылады. Бұл ретте реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері, эпидемиологтар, психологтар және МӘМС әлеуметтік қызметкерлері, ядролық медицина орталығының қызметкерлері, ядролық медицина-патологонатомдарға үстемеақы төлеу жалғасады, – деп атап өтті өз сөзінде филиал басшысы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button