ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да бейнебақылау камерасы арқылы ұрлық ашылды

Шығыс Қазақстанда бейнебақылау камерасы арқылы үйді тонаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Аягөз ПБ кезекші бөліміне 61 жастағы әйел хабарласып, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар оның үйіндегі ас үй бөлмесіндегі шкафтағы сөмкеден 3 сақина, 1 жұп сырға, «SAMSUNG» ұялы телефонын ұрлаған. Жалпы сомасы 885 000 теңгеге материалдық зиян келтірілген.

«Образ ++» базасы мен бейнебақылау камерасының көмегімен тергеу-жедел тобы бұрын сотталған 34 жастағы ер адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында ұрланған мүлікті беріп, кінәсін мойындады.

Жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button