ҚоғамСемейТОП

Семейдегі “ескі көпірде” жөндеу жұмыстары аяқталды

Семейдегі көлік көпірінде жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, 12 тамызда Ертіс өзені арқылы өтетін көлік көпіріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаяу жүргіншілер жолындағы ақау жойылды, плита металл төсенішпен ауыстырылды.

  • Көпірге толықтай тексеру жүргізілді. Жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен  3.11 “Салмақ шектеуі” жол белгісін қою туралы шешім қабылданды. Жол белгісінің талаптары бойынша көпір арқылы жол белгісінде көрсетілген салмақтан артық көліктерге жүруге тиым салынады, – деп түсіндірді ведомствода.

Семей қалалық полиция басқармасы жүргізушілерден жол белгісі талаптарын бұзбауға шақырады.

Еске сала кетейік, 9 тамызда көпірдің оң жағындағы жаяу жүргіншілер жолындағы ақауға байланысты қозғалыс жабылған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button