
“Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жария етуге жатпайды.
Semey News