ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да қыз баланы іздеуге белсенді қатысқан 10 жастағы балаларды марапаттады

Өскемен қаласында жоғалған қызды іздеуге белсенді қатысқан 10 жастағы екі бала марапатталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, Солжағалау полиция бөлімінде жоғалған 14 жастағы қызды іздеуге белсенді қатысқан, сондай-ақ қыз баланың нақтылы қай жерде жүргенін хабарлаған Саян Төлеухановты және Нұрәли Манарбекті марапаттау өтті.

  • Жастарыңа қарамай, сендер тыс қалмай көмекке ұмтылдыңдар. Полицейлермен және еріктілермен бірге сендер 14 жасар қыз баланы бірнеше күн іздедіңдер. Немқұрайлылық танытпай қол ұштарыңды бергендеріңе рахмет, ал ата-аналарыңа осындай ұлдарды тәрбиелеп өсіргендеріне алғысымды білдіремін, – деді кездесуде Солжағалау полиция бөлімінің бастығы Ринат Шибұтов.

Алғыс белгісі ретінде полиция подполковнигі Ринат Шибұтов грамота және сыйлық табыстады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button