ҚоғамСемейТОП

Абай өлеңдерінің текстологиясы және Қайым Мұхамедханов

Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы, филология ғылымдарының кандидаты «Абай және ұлттық руханият» ҒЗО-ның маманы.

Қазақтың біртуар азаматы, ақын Міржақып Дулатовтың «Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші  ақынымыз деп қадірлі халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» деген көрегендікпен айтылған сөзі бар. Абайдың қадірін танып, ұлылығын ұлықтау жолында қалыптасқан абайтану ғылымының ең арналы саласы ол ақын шығармаларының текстологиясы. Бүгінде оқырман қолында Абай шығармаларының әртүрлі жинақтары бар. Алайда ұлы ақын мұраларының мәтіні емлелік, грамматикалық, орфографиялық жағынан  бірізге түсті деуге әлі ерте. Солардың барлығын қайтара оқыған сайын, салыстыра қараған сайын сан алуан сұрақтың алдыңыздан шығары сөзсіз. Абайдың ұлт болмысын айқындар асыл ойын түйіндеуде, тануда ақын шығармаларының мәтінін түзу ерекше маңызды.

Абайтанудың ғылыми негізін Мұхтар Әуезов салды. Ал Қайым Мұхамедхановтың зерттеушілік бағытын айқындайтын, ең арналы саласы абайтану болды. Ғалымның ақын шығармаларындағы текстологиялық мәселелерге арналған зерттеулері  –  аталған саладағы күні бүгінге дейін құнын жоймаған бірден-бір жалғыз туынды. Бүгінгі таңға дейін ұлттық әдебиеттануда текстология ғылымының қыр-сырына арналған  еңбектің жазылмауы  да  аталған саладағы қордаланып қалған мәселелердің көп екендігін аңғартса керек.

Қайым Мұхамедханов өмір бойы Абай шығармалары мәтінінің дәлдігін қадағалап, күрделі зерттеулер жүргізді. Негізінен алғанда, Қайым Мұхамедхановтың сын-зерттеулеріне тән басты қасиет – ненің болса да байыбына жетіп, ақиқат шындығын аршу. Осындай мақсұтты ғылыми ізденісінің пірі етіп алған Қ.Мұхамедханов Абай бабамыздың мұрасын тәңіріндей қастерлей білді. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Семейдан Алматыға арнайы шақырылып ақын өлеңдерінде бұрмаланып, қате басылып жүрген 250  сөзді түзетіп, 120 сөзге түсінік берді. Қайым ағаның «…бірақ баспаға бергенде өздерінше түзеткен» деген қынжылысын да газет беттерінен барлығымыз да оқығанымыз аян.

Әрине бұл шағын ғана мақаламызбен күрделі мәселені түйіндеу қиын, дегенмен де мына кестеге назар аударсақ:

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

1909 1922 1933 «Қазақстан» 1954

 

1961

ҚМ көркемәд баспасы

1968

Жазушы

1986

Жазушы

2005

Жазушы

28 жол 28 жол 30 жол 30 жол 30 жол 30 жол 30 жол 30 жол
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергегі үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңлінің көзі ашық, сергек үшін.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Елде кәрі жамандап өлім тілеп… Елде кәрі жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп… Кәрілікті жамандап өлім тілеп…
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай, қызыл тілді, кел тіл ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай, қызыл тілді, кел тіл ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай, қызыл тілді, кел тілді ал, қой! Бес-алты мыйсыз бәңгі күлсе мәз боп, Қыйналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қиналмай, қызыл тілім, кел тілді ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қиналмай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қой! Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай, қызыл тілім, кел тіл, ал, қой!
Бұл екі жол жоқ Бұл екі жол жоқ Сәнқой, даңғой, ойнасшы, қарлық-ұрлық, Қанша қызық болады өзіңізге. Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге? Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге? Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге? Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге? Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге?

Қ.Мұхамедхановқа жүгінсек, «Абай бұл арада өлеңді кімге арнап жазып отырғанын, яғни көңілінің көзі ашық, сергек жастарға арнағанын айтып отыр» деген уәж айтады.

Тағы да Қ.Мұхамедхановқа жүгінейік: «1954 жылғы жинақта ешбір дәлелді негізге сүйенбестен «кәрілікті жамандап өлім тілеп» деп түзеп басылған. 1954 жылғы жинақта 1909 жылғы басылымда, Мүрсейіт қолжазбасында  да «Елде кәрі жамандап, өлім тілеп» деп берілген, өлеңнің мағынасына қарап түзетілді деген ой айтады. «Жауапсыз айтылған жай бір жадағай сөз сияқты».

Қ.Мұхамедханов: «Біз бұл жолды былай оқысақ: Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді, кел, тіл ал, қой. Абай жазған нұсқаны қалпына келтірген болар едік», – деп, 1909 жылғы жинақты негіз етіп алады.

Осы өлең 1909, 1922 жылғы басылымдарда 28 жол, ал қалған басылымдарда 30 жол ғып берілген.  Айғақ ретінде 1922 жылғы жинақты қарайық,  «Есіл өнер қор болып кетер түзге» деген жолмен аяқталған. Яғни алғашқы екі жинақта  «Сәнқой, даңғой, ойнасшы, қарлық-ұрлық, Қанша қызық болады өзіңізге» деген жолдар жоқ. Кейінгі басылымдардың өзінде екі жол әртүрлі басылған.

 «Жапырағы қуарған ескі үмітпен»

1909 1922 1933 1954 1961 1968 1986 2005
12  жол 12  жол 12 жол 12 жол 12 жол 12 жол 12 жол 12 жол
Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс.
Ойға түйме, қызықты қиялдан күс. Ойға тойма, қызықты хиалдан күс. Ойға тоймас, қызықты қиялдан күс. Ойға тойма, қызықты қыялдан күс. Ойға тойма, қызықты қиялдан күс. Ойға тойма, қызықты қиялдан күс. Ойға тойма, қызықты қыялдан күс. Ойға түйме, қызықты қиялдан күс.

Абайдың өз қолжазбасының сақталмауы ақын шығармаларының текстологиясын зерттеуде қиындық туғызары белгілі, ал әрбір әдебиетші ақынның әр сөзіне жауапсыздықпен қарап, баспаға даярлауда өз бетімен түзетулер жасай берсе «сөз патшасына» жасалған зор қиянат болар еді. Ақын шығармалары алғаш араб қарпінде, кейіннен латын, одан кейін кириллицаға ауысқанда  шығармаларының  текстологиясына ықпалын тигізгені аян.

Біз қазір жаһандану заманы, ақпарат заманы деп  жар салудамыз. Кейінгі жастарымыз кітап оқудан гөрі ғаламтор бетіне телміруді әдетке айналдырды. Заман талабына сай ақпарат беттерінде ақын-жазушылар шығармалары жарыса беріліп жатыр. «Www.zharar.com», «Kitap.kz»   т.б. көптеген сайттарда ақын шығармаларының электронды нұсқалары берілген. Бұл әрине көңіл қуантады. Ал сол ақпарат беттеріндегі мәтіндердің сауаттылығын қадағалап отырған ешкім жоқ. Көзіміз түскен бір-екі жерін айта кетейік, мәселен «www.zharar.com» сайтында «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» өлеңінің «Бала туса, күзетер шылдақана, Олар да өлең айтар шулап жаңа» немесе «Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, Ойласаңшы бос қақпай елең-селең» деген тәрізді алақұлалықтар көптеп орын алған. Әрине бұл мысалдардың барлығын көрсетіп отырғанда біреудің кемшілігін нақтылап, біреудің артықшылығын салмақтау емес, ақын сөздерін дұрыс оқуға талпыныс жасау ниеті еді.

Профессор Арап Еспенбетовтің «Абайды өзінің қажетіне сәйкес бұрмалап түсіндіріп, ұлы ақын айтпаған сөзді айтқызып, тұнығымызды лайлап, жадымызды шимайлап жатса көлденең көк атты абыройдан айрыламыз. Абайдың әр сөзіне абай болайық! Қазынамызды қастерлейік, қасиет тұтайық, ағайын!» – деген жолдары барлығымызға ой салары ақиқат.

Абай туындыларының төл нұсқасын қалпына келтіру ісінің жүлгесін салып, жүйесін жасауда Қайым Мұхамедханов еңбегі қашанда негізге алар ақиқат.

Біз текстологтың Абай шығармаларына қатысты бірен-саран талдауларына ғана тоқталдық. Заман озған сайын ғалым зерттеуінің құндылығы арта бермек.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button