ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны үйінде есірткі затын сақтаған

Шемонаиха ауданының тұрғыны үйінде 1 келіден астам марихуана сақтаған, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Шемонаиха аудандық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны үйінде есірткі затын сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат түскен.

Ақпаратты тексеру барысында үй ауласында орналасқан қосалқы шаруашылық ғимаратқа тінту жүргізілді және белгілі бір иісі бар өсімдік тектес зат оралған пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1 231, 52 грамм.

Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат – «кептірілген марихуана».

Шемонаиха қаласының 42 жастағы тұрғыны бұл затты Шемонаиха ауданы Садовое ауылының шетінде жеке пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button