ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі Комсомол кентіндегі тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысты

Бақытжан Байахметов "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Semey News.

Облыс әкімінің бастамасымен “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы аясында Комсомол кентінде тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде. Жалпы, бұл бағдарлама аясында Семейде 199 пәтерді қамтитын 101 бірқабатты үйлер салу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 14 үй немесе 25 пәтер пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 57 үйдің (87 пәтер) құрылысы басталды.

Тұрғын үйлер екі бағыт бойынша беріледі: біріншісі келісімшарт арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасыларға берілсе, екінші бағыты “Отбасы Банкі” филиалының несие желісі бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар қала басшысы “Семей құрылыс материалдары” ЖШС кәсіпорнында болды.

  • Айта кету керек, бұл кәсіпорын “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасын жүзеге асыратын мердігер ұйым. Жаңа инвесторлар компания жұмысын жандандырып, жаңа өндіріс желісін іске қосқан. Өндіріс орны құрылысқа қажетті шифер қабырға панелін, шифер, газобетон блогын және басқа құрылыс материалдарын шығарады. Бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты бақылауда. Ең алдымен, орындалатын жұмыстың сапасына ерекше назар аудару қажет, – деді Б.Байахметов.

Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан үйлердің түс келбетін өзгерту, спорттық және ойын алаңдарын орнату мүмкіндіктері қарастырылуда.

Келесі жылдың жоспарында жол құрылысы мен осы ауылды аббаттандыру мәселесі көзделген.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button