
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабюарлауынша, ағымдағы жылдың 5 маусымында Глубокое аудандық ПБ кезекші бөліміне Глубокое кентінің 35 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға үйінің ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл автокөлік жәбірленуші тұратын үйдің жанынан табылды.
15 күннен кейін Глубокое аудандық ПБ ауданның тағы бір 35 жастағы тұрғыны хабарласып, оның есігі құлыпталмаған «ВАЗ» көлігін белгісіз біреулер заңсыз иемденіп кеткенін жеткізген.
Іздеу шараларыны барысында ұрланған көлік «Глубокое-Белоусовка» автомобиль жолының 5 шақырымында, жол жиегінен табылды.
Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері аталған жағдайлар бойынша «Ұстау» жоспарын енгізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.
Көлік құралдары иелеріне қайтарылды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semey News