ҚоғамСемейТОП

Семейдегі «ескі көпір» демалыста қайта ашылады

9 тамызда жабылған көлік көпірі алдағы демалыс күндері қайта пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Semey News.

Жуырда тротуар плиталары орнынан қозғалған көлік көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің ағымдық жағдайын алматылық «ТЕКА Проект» фирмасының мамандары тексерді. Бұған дейін аталған фирма 2016 жылы көпірдің жағдайын зерттеген. Мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша, автокөлік қозғалысына әсер ететін айтарлықтай ауытқулар жоқ. Дегенмен, көпірде тағыда бір проблемалық учаске анықталды.

  • Қазір біз жақтауды орнату бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз, содан кейін металл төсеніш төселеді. Жаяу жүргіншілер жолындағы ойық жабылады. Бізге «ТЕКА Проект» ЖШС жетекші инженерлері келді. Көпірдің екі жағындағы жаяу жүргіншілер жолына толықтай зерттеу жүргізілді. Қазіргі уақытта бір учаске бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жолдың оң жағындағы жаяу жүргіншілер жолында тағы бір учаске анықталды. Ертең ол жерде де осындай жұмыстар жүргізіледі, бірақ онда соншалықты ауытқулар жоқ, плита орнынан сәл қисайған. Плиталардың қозғалуы автокөліктердің жол жиегіндегі тастарға соғылуы салдарынан туындауда. Аталған сұрақтар бойынша негізгі қорытындыны біз жобалық фирмадан ертең аламыз. Ертең – одан арғы күндері жұмысты қарқынды жүргізсек, алдағы жұмада немесе сенбіде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы жандандырылады деп ойлаймын. Тұрғындарға қорқудың қажеті жоқ. Жұмыстар жүргізіледі. Бекітуді нығайтып, қозғалысты ашамыз, – деп жағдайға түсіндірме берді жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Қозғалыстар бұрынғысынша, еш шектеусіз жүзеге асырылады.

  • Біз көпірдің жаяу жүргіншілер жолын тексердік. Элементтерде елеулі ақаулар табылған жоқ. Тек тратуар блоктары. Оларды жаңартып, көпірді одан ары пайдалана беруге болады, – деді «ТЕКА Проект» ЖШС жетекші инженері Алмас Ауанасов.

Қазіргі уақытта бұрын жасалған жаңа көпірдің жобасы мемлекеттік сараптамада, оны тамыз-қыркүйек айында алу күтілуде. Содан кейін жаңа көпір құрылысының мәселесі шешіледі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button