
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанын тіркеу қажет. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының құжаттарын келуге және тұруда қолдануда. Азаматтар зейнатақы, әлеуметтік және де басқа да әр елде белгіленген жеңілдіктерді қолдану үшін басқа елдің азаматтығын алғандарын хабарламайды.
- Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында көші-қон қызметінің қызметкерлері Глубокое ауданының тұрғынын анықтады, ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ол, көші-қон заңнамасын елемей, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Шетелдіктен Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқандығы туралы өтініші тіркелді.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын ескертеді.
Semey News