Бесқарағай ауданында экоакция өтуде
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Ақтөбе облысының ҮЕҰ ассоциациясы» ЗТБ «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» гранты барысында кіші гранттар байқауы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды Semey News.

Бесқарағай ауданы бастамашыл тобының «AIDYN» жобасы жүзеге асуда. Жоба атауында тұрғандай Шошқалы көлінің маңына экологиялық маңызы бар шаралар өткізу жобаның басты міндеті болып табылады. Жоба аясында алғашқы шара ретінде көл жағалауында 3 бағытта бөлінген (органика, пластик және қағаз) 6 қоқыс контейнері орналастырылды. Көл демалушылары бұл бастаманы қолдап өздерінің оң пікірлерін жеткізді.
Бесқарағай ауданының бастамашыл тобы, «Бесқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Шошқалы көлі жағалауында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілік барысында қатысушы еріктілер ұйымдастырушылар тарапынан қажетті құрал-жабдықтар, қаптар, қолғап, маскалар және сусындармен қамтамасыз етілді. Еріктілердің пікірінше бұндай бастамалар тек қана қалаларда емес, шипалы Шошқалы көлі сынды демалыс және ем алатын орындарда да жиі ұйымдастырылып тұруы тиіс.
Жаңашыл әдіс-тәсіл – негізгі қозғаушы механизм. Қазіргі уақытта халықты белгілі іс-шараларға қызықтыру қиындау үстінде. Бұл өміріміздің барлық тұсында байқалуда. Атап өткенде қоршаған ортаға деген көзқарасты қалыптастыруда басқа мемлекеттердің мысалында жасалынатын іс-шаралар жергілікті тұрғындар үшін локализациялануы қажет. Осындай шаралардың бірі Бесқарағай ауданы, Шошқалы көлі жағалауында «AIDYN» жобасы аясында эко-акция ұйымдастырылды. Жаңашыл тәсіл ретінде, еріктілер және демалушылар қоқысты бөліп жинау бойынша бастапқы ақпарат алып, орналастырылған қоқыс жәшіктеріне сәйкес тасталуы керек екендігі жайлы және әр демалу орны және қоқыс қаптары да осы қағиданы ұстану қажет екені жеткізілді. Акция қатысушылар бұл бастамаға белсене кірісті. Нәтижесінде көл жағалауында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Semey News