ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да алаяқ қомақты соманы иемденген

Зайсанда ірі соманы иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айының басында Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны Зайсан аудандық полиция бөліміне жүгінген. Ол 2021 жылдың қаңтар айының ортасында бейтаныс ер адам 20 бас жылқы сатып алу сылтауымен 6 200 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алдау жолымен иемденіп алғанын хабарлады.

  • Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Зайсан АПБ қызметкерлері Зайсан қаласының 28 жастағы тұрғынын жеткізді. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button