
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде павлодарлық пабликтердің бірінде ер адамның қайырымдылыққа жиналған қаражаты бар жәшікті ұрлағаны туралы бейнежазба анықталды.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен белгілі тұрғылықты жері жоқ 43 жастағы ер адамды ұстады. Көп ұзамай Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі дүкендердің бірінде күдікті өз әрекетін ешкім бақыламаған сәтін пайдаланып, жәшікті ұрлап кеткені анықталды. Жәшікте 500 теңге ақша болған”,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларына тіркелді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News