
10 тамызда ШҚО ТЖД арнасына Куленов кентіндегі Дружба Народов көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің иесі жүгініп, қамалып қалған кішкентай қызын шығаруға көмек сұраған.
- Үй жертөлесінде кішкентай қыз ойнап жүргенде есік жабылып қалған. Ата-анасының шақыртуына ШҚО ТЖ арнайы жасағының құтқарушылары жедел жетті. Арнайы құралдардың көмегімен терезедегі торды бұзып, жертөленің терезесі арқылы орынжайға кіріп, есікті ішінен ашты,- деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.
Semey News