ОқиғаСемейТОП

Семейде цехтағы өрт сөндірілді

Бүгін Семейде металл өңдеу цехында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semey News.

10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында Семей қаласы құтқарушыларының пультіне ЖШС бірінің цехы жанып жатқаны туралы қоңырау түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін металл өңдеу цехының үй-жайында қатты түтіндеу болды, шешінетін бөлмедегі ағаш шкафтар жанып кетті.

Өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақта құрылымды бұзды және өртті толығымен жойды.

Өрт себебіне байланысты электр жабдықтарының авариялық режимі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

Семей қ. ТЖБ-сы нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және мемлекеттік өрт бақылау мамандарының ұсыныстарын орындау қажеттілігі туралы ескертеді. Объектілердің жұмыс персоналы қауіпсіздік шаралары және өрт кезіндегі тәртіп ережелері бойынша нұсқаулықтан өтеді. Автоматты өрт дабылын жарамды күйде ұстау, объектіде алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы, Эвакуациялау жолдарын тиісті жағдайда ұстау.

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button