ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері жасөспірімнің телефонын күшпен тартып алған тұлғаны ұстады

Бесқарағай ауданының полицейлері жасөспірімнің телефонын күшпен тартып алған павлодарлықты ұстады, деп хабарлайды Semey News.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Семей қ. ПБ ЖБО «102» жедел арнасына  сағат 21:20 шамасында Бесқарағай ауданындағы демалыс базасының құрылыс нысаны аумағына кіріп бара жатқан кезде жәбірленушіге күш қолданып, 16 жастағы кәмелетке толмаған жігіттен  «Huawei» ұялы телефонын, 29 800 теңге ақша қаражаты салынған әмиянды және музыкалық колонканы алып алғаны туралы хабарлама түсті. Жалпы шығын сомасы 184 800 теңге.
Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобы 36 жастағы күдіктіні дереу анықтап, ұстады. Жауап алу барысында күдікті ұрланған мүлікті беріп, кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button