ҚазақстанҚоғамТОП

Жыл басынан бері жол апатынан мыңнан астам адам қаза тапқан

Бұл туралы елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органының басты міндеті. Биыл республика жолдарында 7180 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 1017 адам қаза тауып, 9500 адам әртүрлі жарақат алды. Жүргізушілер жол жүру тәртібін бұзуы жол апатына алып келіп отыр. Осы жылы 4 млн-ға жуық жол жүру қағидасын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1,4 млн-ы жылдам жүрген, мыңға жуығы жол белгілерін бұзғандар, 13 мың жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған, – деді Түсіпов.

Ол айтқандай, жол-көлік қағидаларын бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан он мыңнан астам адам айырылды.

  • Екі мыңға жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер тарапынан жол қауіпсіздігін сақтау әлсіреген. Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтті. Биылғы 7 айда жол тәртібін бұзушылық 2020 жылмен салыстырғанда 60 пайызға көбейген, – деді ол.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button