Оқиға кеше түнде 19-шы ықшам ауданда, Есенберлин даңғылы бойында жарықтандырылмаған учаскеде орын алды. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер туралы хабарлама сағат 22:00 шамасында түсті.
Зардап шеккендердің үшеуі 2002 жылғы, біреуі 2001 жылғы. Олар түрлі дене жарақаттарымен 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
- Тексеру барысында анықталғандай, 18 жастағы Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі Қазыбек би көшесі жақтан Есенберлин даңғылы бойымен келе жатып Өтепов көшесіне бұрылғанда 4 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші кінәсін мойындады, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бюасқармасының баспасөз қызметінде.
ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.