
Қазіргі уақытта Шығыс кентінде 1200 орынға арналған мектеп салынуда. Мердігер болып, “Фирма Азия”ЖШС анықталды. Кентте мектеп жасындағы 4000-ға жуық бала тұрады. Жаңа мектептің құрылысы кенттегі екі мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай мәселе бүгінде 300 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы жүріп жатқан Степной кентінің тұрғындарын да толғандырады. Салынып жатқан нысан тиісінше жылу желілеріне қосылады.
– Биыл біз осы екі мектепті пайдалануға береміз. Олар көрші мектептердің шамадан тыс жүктемесін азайтып, мәселелерлі шешеді. Егер алдағы уақытта Шығыс кентіне қажеттілік бойынша қосымша 1200 орынға емес, 600 орындық типтік мектепті жобаға байланыстыруға болады. Осылайша біз осы шағын аудандағы мәселені бірден түбегейлі шешеміз. Бір сөзбен айтқанда, келесі жылы Қарағайлы шағын ауданында және тағы бір ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Мектепті қайда салу керектігін нақты анықтау керек. Сондай – ақ, жылу желілерімен де мәселелер бар. Алайда, ол шешілуде, жұмыстар жүріп жатыр, – дейді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, бүгінде қалада қазандықтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыс сапары аясында өңір басшысы қазандықтардың қайта құру барысымен танысты.
– Біз ай сайын қыс мезгіліне дайындықпен айналысамыз. Қала ондаған жылдар бойы гидравликалық режимді мүлдем сақтамаған, бұл үлкен техникалық қателік. Биыл жаңа басшылар бұл іспен кәсіби түрде айналысады. Коммерциялық шығындар 1,6 миллиардқа жуық. Мен мұны жеңіл түрде жеткізіп тұрмын. Шын мәнінде, бұл 1,6 млрд. теңгеге жылуды жымқыру болып табылады. Алдағы уақытта ол өндірілетін болады. Біз айтарлықтай алға басып келеміз. Келесі жылға жоспарланған модернизация биыл басталды. Орталық бөлігінде, жоспарланған 24 гигакалория қуатын арттыру кезінде 40-қа жету көзделген. Егер Ғаббасов, 103, 102 қазандықтарын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама дайын болса, биыл жобалауды бастаймыз. Сондықтан негізгі жұмыстар өз бастауын алды, – деп түйіндеді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі өткен жылдары жылумен жабдықтау бойынша жұмыстарды орындау қанағаттанарлықсыз болғанын, ал бүгінде жұмыстар оң қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.
Semey News