ШҚОҚылмысТОП

Бесқарағай ауданында алаяқ екі зейнеткерді алдап соқты

Тергеу-жедел тобы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Semey News

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 10.34-те Бесқарағай АПБ-ге 89 жастағы зейнеткер өзіне таныс емес ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту өтінішімен жүгінді. Ол 12.07.2021 жылы отын әкелемін деген сылтаумен 55 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлаған. Алайда сол күйі хабарсыз кеткен.

Осыдан кейін 2021 жылдың 17 шілдесінде полиция қызметкерлері тағы бір фактіні анықтады. 14.07.2021 жылы 72 жастағы зейнеткер оған таныс емес ер адамның алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, оның ұлына емделу үшін ақша керек деп 20 000 теңге сомасында ақша қаражатын алғанын айтты.

Тергеу-жедел тобы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button