Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

ШҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалыс және мереке күндері қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Semey News

Бұл туралы бүгін онлайн-баспасөз мәслихатында Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ноғайбаев мәлімдеді.

– Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды. Бұл қадам азаматтардың қозғалысын азайтып, вирустың таралу динамикасына әсер етеді. Сондай – ақ, қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтауды және вакцинациядан өтуді ұмытпауы керек, – деді Нұржан Ноғайбаев.

Мұндай шаралар қала “жасыл” аймаққа кіргенге дейін сақталады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Семей қаласы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша қызыл аймақта. Соңғы тәулікте 140  адамның инфекция жүқтырғаны анықталды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері қалада 10 мыңнан астам КВИ-мен ауыратын науқастар тіркелген. Олардың 8000-нан астамы симптоматикалық болса, 2000-ға жуығы асимптоматикалық есебінде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button