ШҚОТОП

ШҚО полицейлері Бородулиха ауданының тұрғынанан қару тәркіледі

Ағымдағы жылдың шілде айының соңында Бородулиха ПБ полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Иваново ауылының 42 жастағы тұрғыны атыс қаруы сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Semey News

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері гаражды тінту барысында 42 жастағы ер адамнан ұңғысы кесілген, тегіс бір ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес сараптамаға ұсынылған зат 28 калибрлі «ЗК» тегіс бір ұңғылы аңшылық мылтық, атыс қаруы болып табылады және оқ атуға жарамды. Ұңғысы мен оның дүмбісін қысқарту арқылы үйде жасалған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button