Әрине, мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту үшін жайылымдар мен бордақылау алаңдары қажет. Облыстық мәслихаттың 7 сессиясында облыс әкімі Даниал Ахметов айтып өткендей, қазір бұл мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерге егжей-тегжейлі және жоспарлы талдау жүргізіліп жатыр. Кейін олар қайтарылып алынып, жайылымдарға мұқтаж шаруа қожалықтарына берілмек. Ал кейбір кәсіпкерлердің өздеріне берілген жерлерді мақсаты бойынша пайдаланбағандықтан өз еркімен қайтарып отырғаны қуантып отыр.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын одан әрі дамыту үшін майлы дақылдар, сондай-ақ рапс, соя және жүгері өндірісін ұлғайту бағытында егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Екі май шығаратын зауыттың құрылысы қайта өңдеу мәселесін шешпек. Шаруалар күнбағысты қайда тапсырамын деп алаңдамайды, өйткені бұл өнімнің өз клиенттері бар. Жақын арада майдың басқа да түрлерін өндіру қолға алынбақ.