ШҚОКриминалТОП

ШҚО-да есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы қыз 10 жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан 21 жастағы қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшіcі

ШҚО-дағы ОВ-156/1 мекемесі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау сияқты қылмыс жасаған қыздар темір торға аз түсіп жатқан жоқ. Мәселен, таяуда осындай заңсыз қадамға барған 21 жастағы қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылған. «Қазіргі уақытта жастардың көбі букмекерлік компанияларда ставкалар қояды. Жеңіске жеткен сайын, баурай бастайды. Бірде үлкен ақша жоғалттым. Бұл туралы ата-анама айтуға қорықтым. Қала көшелерін кезіп жүріп, үйдің қабырғасына жабыстырылған хабарландыруға көзім түсті. Онда «курьер қажет, жұмыс кестесі ауыспалы, жалақысы жоғары» деп тұр екен. Қуанып кетіп, көрсетілген нөмірге қоңырау шалдым. Алайда жұмыстың неге апарып соғарын білмеген едім. Түсінгенім, синтетика есірткін бір жерден екінші жерге апаруым керек екен. Бар ойым, ақша тауып, қарызымды жапқаннан кейін жұмыстан шығу болды», – дейді сотталған азаматша. Есірткі заттарын салу кезінде оны полиция қызметкерлері қолға түсірген. ҚР ҚК-нің 297-бап 3-бөлігі бойынша айыпталушы 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

inform.kz  https://www.inform.kz/kz/shko-da-esirtki-tasymalymen-aynalyskan-21-zhastagy-kyz-10-zhylga-sottaldy_a3819885

Осы айдарда

Back to top button