
Бесқарағай, Абай, Үржар, Күршім, Аягөз, Көкпекті аудандарында дала шөбі өртенді. Өрттің жалпы алаңы 309 Га. Өртті сөндіруге құтқарушылармен қатар орманшылар, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері және шаруа қожалық жұмысшылары қатысуда.
- Құрғақ, аптап аймақтағы жағдайды ұшықтыруда. Өрт сөндірушілер күніне 10-15 рет дала өртін сөндіруге шығуда, – деді ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы марат Әбілсейітов.
Semey News