ҚоғамСемейТКШТОП

Қала орталығында үйілген қоқыс – Семей әкімінің коммуналдық қызметтердің жұмысы көңілі толмады

Семейде қаланы аббаттандыру және санитарлық тазалығы жөнінде кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Semey News.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов осы мақсатқа жыл сайын қалалық бюджеттен мердігер мекемелерге қомақты қаражат бөлінетінін атап өтті. Олар өз кезегінде өздеріне бекітілген міндеттерді атқарулары тиіс.

“Бірақта, күнделікті қаланы аралау және мониторингтер келісімдердің толықтай орындалмауының дәлелі. Осыған байланысты бағдарлама операторларына шарт тармақтарының орындалуы бойынша бақылауды қатаңдату тапсырылды. Қоқысты шығару және қоқыстардың жиналуы басты мәселе болып қалуда. Бүгінгі таңда қала бойынша 21 қоқыс үйіндісі жойылды. Осы бағытта жұмыстар жалғасады”, – деді қала басшысы.

Б.Байахметов қала бойынша осы салада 6 компания қызмет көрсететінін атап өтті. Олар 1417 көпқабатты үйлерге, жеке сектордағы 8500 жер үйге және 4284 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

“Бірақта “Семей Тазалық” ЖШС жұмысына көңіл толмайтындары айтылуда. Олардың жұмыстары қала тұрғындарымен критикалануда. Семейліктер үнемі қала ортасында үйілген қоқыс туралы фотосуреттерді әлеуметтік желіге орналастыруда. ТКШ бөлімі күнделікті жағдайға мониоринг жасап, тиісті шаралар қолданатын болады”, – деп атап өтті қала әкімі.

Былтырғы жылы Семей тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау жөніндегі жобаны жүзеге асырудың Жол картасына енгенін айтып өткен жөн.

“Қала көшелеріндегі жарықтандыруды модернизациялау бойынша қаланың 136 көшесінде жарық шамдары алмастыралады және кейбір көшелерде жарық бағаналары орнатылуда.

Бүгінгі таңда 4000 мыңнан астам жарық жөнделді. Осы бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады”, – деп көрсетті Б.Байахметов.

Сонымен қатар отырыста қаланың алғашқы жарты жылдықтағы әлеуметтік экономикалық дамуы және екінші жарты жылдықта атқарылатын шаралар қаралды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button