ҚоғамҚылмысСемейТОП

Миллиондық жеделсаты: Семейдегі көпқабатты үй тұрғындары алаяққа алданды

Семейде көпқабатты үй тұрғындарына бір миллион теңгеге жеделсаты орнатып беремін деп сан қақтырып кеткен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көпқабатты үй тұрғындары 29 жастағы алаяқ әйелдің алдауына түскен. 24 маусымда тұрғындар қаланың Әуезов аудандық полиция бөліміне жүгінген. Тергеу амалдары барысында анықталғандай, алаяқ әйел тұрғындардың сеніміне кіріп, жедел саты орнатып беремін деген сылтаумен қомақты қаражатты жымқырған. Алайда бүгінгі таңға дейін уеде еткен жеделсаты орнатылмаған, тұрғындар қан төгіп тапқан қаражатын берген, “подъезд белсендісі” алдап кетеді деген ой мүлде туындамаған.

Жалпы келтірілген шығын мөлшері – 1 000 000 теңге. Тергеу барысында айыпты жиналған қаражатты өз мұқтаждары үшін ұстап үлгергені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button