ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Көкпекті ауданында мал ұрлығына күдікті ер адам ұсталды

2021 жылдың 27-29 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында "Барымта"облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс бойынша іс-шараға жедел-криминалдық, әкімшілік және жергілікті полиция қызметінен барлығы 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, ветеринарлық бақылау қызметінің 42 маманы тартылды.

Іс-шараның мақсаты – мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары профилактикалық рейдтер жүргізді, оның барысында малды ұрылардан қалай қорғауға болатынын түсіндірді.

Осылайша, операция кезінде бұрын жасалған 11 қылмыс ашылды.
24 бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 11 жылқы, 9 ірі қара, 4 ұсақ мал. Айыппұл тұрағына 544 бас қаңғыбас мал қамауға алынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) сәйкес тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін тасымалдау және сату бойынша 16 құқық бұзушылық анықталды.

  • Жедел профилактикалық іс-шара барысында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құны 400 000 теңгеге тұратын екі бас жылқы ұрлаған 37 жасар барымташыны ұстады. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталуда, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Айта кетсек, мал ұрлығы мен малдың жайылымнан жоғалу мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Мәселен, мал иелері жануарларына тиісті деңгейде қадағалау жасаса, бұл қылмыстардың алдын алуға елеулі үлесін қосады.
ШҚО полицейлері мал иелерін мал жаю кезінде барынша бақылауды қамтамасыз етуге, қылмыс жасалуын болдырмау үшін және жоғалған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button