Covid-19ШҚОТОПШҚО

ШҚО-да өткен тәулікте шектеу шараларын бұзудың 24 фактісі анықталды

Шығыс Қазақстанда мониторингтік топ жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

Өткен тәулікте Өскемен қаласында 15 нысанға тексеру жүргізіліп, 5 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, өткен рейд барысында анықталған маскалық режімді бұзу фактісі бойынша  43 755 теңге сомасында айыппұл салынды.
29 шілдеде Семей қаласында мониторингтік топпен 102 нысан тексерілді. Жалпы сомасы 670 910 теңгені құрайтын үш хаттама толтырылды және 335 455 теңге сомасында айыппұл өндірілді.
Алтай ауданында рейдтік шарамен 139 нысан қамтылды, Жаңа Бұқтырма кентінде 14, Алтай қаласында 1 бұзушылық анықталды.
Бесқарағай ауданында 20 нысанға тексеру жүргізілді, маскалық режімді бұзғаны үшін 43 755 теңгеге айыппұл салынды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button