Орталық директоры Светлана Шмурыгинаның берген бағасы бойынша, осындай антиденелердің жоғары титрі COVID-19 ауыр түрімен ауырған үш науқастың сауығуына көмектеседі.
Иммунды плазмамен емдеудің тиімділігі бірнеше әлемдік ғылыми институттармен дәлелденген, және Шығыс Қазақстан елімізде иммунды плазма банкін құрған бірінші аймақ.
- Мен короновирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненттін алғаныма міне екі ай өтті. Барлық қажетті анализдерді тапсырғаннан кейін плазма доноры болу туралы шешім қабылдадым, – деді Даниал Ахметов. – Облыстық қан орталығының медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері арқасында осы процедура еш ауыртпалықсыз өтті, донордың жағдайына үнемі көңіл бөлінді.
Айта кетейік, соңғы аптада иммунды плазманың 234 дозасы дайындалды. Бұл короновирустың ауыр түрімен науқастардың сауығып шығуына мүмкіндік береді.
Облыс басшысы процедурадан кейін дәстүрлі тәтті шәй ішті, ал донор болғаны үшін тиесілі қаражатты балалар үйіне аударды.
Semey News