Міне, үш айдан астам уақыт бойы облыста ПТР-дің жалпы базасымен біріктірілген QR-код арқылы мекемелерге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін “ASHYQ” қосымшасы жұмыс істеп келеді. «Ashyq» көшбасшысының мәртебесі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес екі аптаға беріледі.
Бүгінгі таңда облыста QR-кодтты ең көп пайдаланған 59 ұйым анықталды. Атап айтсақ, Өскеменде 17, Семейде 37 кәсіпорын және Риддер, Курчатов қалалары, сондай-ақ, Үржар, Аягөз және Күршім аудандарынан әрқайсысынан 1 мекемеден «Ashyq» жобасына кірді. Олардың арасында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары да, мәдениет, спорт және бизнес объектілері де бар.
Бұдан басқа, “ASHYQ” жобасынан шығаруға жататын мекемелер анықталды. Карантиндік талаптарды бұзу себептері бойынша жобадан барлығы 24 нысан алынып тасталды. Олар Өскеменде – 8, Семейде – 4, Алтай ауданында – 6, Үржар ауданында – 2 және Абай, Жарма, Зайсан және Катонқарағай аудандарында бір-бірден. Олардың арасында сауда объектілері, санитарлық-курорттық демалыс және мемлекеттік мекемелер бар.
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауды жалғастыруда. «Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша бизнес субъектілері 8 (7232) 74-28-14, 74-21-11 телефондары арқылы хабарласа алады.
Semey News