Бұл туралы тереңірек онлайн-брифингте «Отбасы банкі» АҚ Семей филиалының клиенттермен жұмыс бөлімі бастығының орынбасары Алуа Төлеумұхаметова және «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС бас директоры Асхат Мирманов мәлімдеді.
- «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және қалалық әкімдіктің ынтымақтастығы аясында «Бақытты Отбасы» бағдарламасының қатысушыларының әрқайсысына 1 млн теңге сомасында 70 тұрғын үй сертификаты бөлінді. Бұл қаражат, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасылармен, көпбалалы отбасыларымен (соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» немесе «Батыр ана» наградалары бар көп балалы аналар) және толық емес отбасылармен тұрғын үй аларда алғашқы жарна ретінде пайдаланылады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен салынған «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы шеңберінде 70 отбасы көпфункционалды тұрғын үй кешенінен жаңа үй сатып алады, – деді Алуа Төлеумұхаметова.
Жаңа тұрғын үй кешенінен «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысушылармен қатар, әкімдікте кезекте тұрғандар және «Шаңырақ» 5-10-20 бағдарламасына қатысушыларыда ала алады. Ол үшін бар болғаны «Отбасы банкі» АҚ есепшотында тұрғын үй құнының 10% көлемінде алғашқы жарнаның болуы жеткілікті. Жылдық 5% жеңілдікпен несие (ЖТСМ 5,2%-дан) 20 жылғы дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар, жаңа кешендегі жылжымайтын мүлікті әскерилер мен арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері де ала алады. Тұрғын үй төлемдерін алатын, «Отбасы банкі» АҚ арнайы шоттары бар тұлғалар «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша заем рәсімдеулеріне болады. Бағдарлама бойынша қажетті сома – 15%; заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8% (ЖТСМ 8,3%-дан); ал несие мерзімі – 25 жылға дейін.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша клиенттер кейіннен сатып алу құқығымен пәтерді жалға ала алады. Салымды жинақтау мерзімі үш жылға дейінгі, ал шотында тұрғын үй құнының 50% бар клиенттер үшін аралық заем алу мүмкіндігі қарастырылған. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7-ден 8,5%-ға дейін, кейіннен 5% дейін төмендеуімен (ЖТСМ 7,4%-тен); несие мерзімі: 6 айдан 25 жылға дейін.
Қазіргі уақытта қаланың сол жағалау бөлігіндегі «Комсомол» кентінде белсенді құрылыс жүргізілуде, электр желілері, су құбыры тартылуда. Тұрғын үйлер бой көтергеннен кейін асфальт жайылып, аббаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектеп құрылысы, екі бала-бақша, модульді денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, спорттық және балалар ойын алаңының құрылыстары жоспарланған. Кәсіпкерлерге әкімшілік іскерлік орталықтарын, қонақ үй кешендерін, сауда орталықтарын, дүкендер, жанар-жағар май стансаларын, дәріханалар және тағы басқа нысандар салу үшін жер учаскелері беріледі.
- Пәтердің 1 шаршы метрі – 140 000 теңге. Бұл Семей нарқындағы тұрғын үй құнынан 25 %-ға арзан. Мамандардың талдауы бойынша қазіргі уақытта Семей нарықындағы 1 шаршы метрдің құны – 175 000 теңге. Биылғы жылы жалпы алаңы 45 000 шаршы метрді құрайтын 50 жеке тұрғын үй көтері жоспарлануда. 2022 жылы жалпы алаңы 6 750 шаршы метрді құрайтын 75 тұрғын үй салу жоспарлануда. Оған 2 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция құйылады. Бірінші кезеңде 14 үй пайдалануға берілді, олардың ішінде 11 екі пәтерлі үйлер, пәтерлердің жалпы алаңы 83,9 шаршы метр. 3 бір пәтерлі үй, әр пәтердің жалпы алаңы 116 шаршы метр. Үй аумағы қоршалады, жер учаскесі – 10 сотоктан, – деді «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС бас директоры Асхат Мирманов.
Semey News