ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Семей қаласында Гагарин көшесінде жеке орналасқан нан пісіретін аспаздық дүкенінде өрт болды. Дүкеннің ағаш жабындылары, терезе блоктары, электр пешінің өртенгіш бөлшектері өртенген.
- Оқиға орнына келген құтқарушылармен 15 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Түтінге оранған орынжайдан құтқарушылармен 6 газ баллоны шығарылды. Өрттің шығуына электр жабдықтарын жобалау мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болды деген нұсқа қарастырылуда, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам және 3 бірліктегі техника жұмылдырылды.
Semey News