ШҚО ТЖД баспсөз қызметінің мәлімдеуінше, 29 шілдеде Сорокин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің 2 қабатында орналасқан пәтерде кішкентай бала құлыптаулы қалды.
Жедел құтқару жасағының қызметкерлері баспалдақтың көмегімен пәтердің терезесінен кіріп, ішінен есікті ашты.
Мұндай инциденттер, ата-аналардың өте жиі балаларды қараусыз қалдыратынын көрсетеді.
ШҚО ТЖД ата-аналарға мұқият болуды және балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.
Semey News