ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да ашық құдыққа сиыр құлап кеткен

Өскеменде ашық құдыққа құлап кеткен сиыр құтқарылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 шілдеде құтқарушыларға ер адам жүгініп, Машиностроителей көшесіндегі ашық құдыққа құлап кеткен сиырын шығарып алуға көмек  көрсетуді сұраған.

“Оқиға орнына келген соң ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы арқан мен манипулятордың көмегімен жануарды қамаудан алып шықты”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Мұндай авариялық-құтқару операциялары ШҚО ТЖД мамандары үшін бірінші рет емес. Осыған байланысты ШҚО ТЖД жануарларды қараусыз қалдырмауды және оларды арнайы жайылымдарда бағуды сұрайды.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласыңыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button