ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гражданская көшесі бойындағы жер үй өртенді. Үйдің сыртқы жабындысы, төбесі, терезе блоктары, жиһаздары өртенді.
Электр желісінде болған ақаудан ұшқын шығып үй маңындағы шөпке түскен. Содан кейін от тұрғын үй қабырғасына өршіген. Құтқарушылар келгенше үйден өз бетімен үй иесінің 2007 жылғы ұлы шығып үлгерген.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 30 шаршы метр алаңдағы өртті, сондай-ақ 0,6 тонна өртке оранған шөпті сөндірді. Сарапшылар болжамы бойынша, өрттің шығу себебі – электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Semey News